«Қарттарым - асыл қазынам»

29.09.2023

 

С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың 80 жылдық мерейтойы аясында, 1- қазан - Халықаралық қарттар күніне орай кітапхананың зейнетке шыққан ардагерлеріне  арнайы «Қарттарым - асыл қазынам» атты концертік кеш өткізілді.

Кешіміздің арнайы қонақтары 80 жылдық тарихында кітапхана өмірінде өздерінің өшпестей ізін қалдырған, киелі шаңырақта көп жыл еңбек етіп,  қажырлы еңбегінің  арқасында  зейнеткерлікке  шыққан  ардагер  кітапханашыларымыз.

Кеште осы кітапхананың көркеюіне елеулі еңбек еткен, өмірден өткен ардақты ардагер кітапханашыларымыздың құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланып еске алу бейнебаяны көрсетліп, әуендетіп ән шырқалып, «Айкөркем» би ансамбілінің мың бұралған билерін тамашалады. Кітапханамыздың жанашыры Жұмасейітов Жұмабай ардақты ардагерлерге арнап «Мерекең құтты болсын кітапхана!» атты арнауын тарту етті.

Кездесу барысында мереке қонақтарын шын жүректен құттықтап, кітапхана ұжымы атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.