«Қарттарым – асыл қазынам»

29.09.2023

1қазан-Халықаралық қарттар күніне мерекесіне  орай  29  қыркүйек күні  мәдениет үйінде Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасыны ұжымы және әкімшілікпен бірлесе отырып «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік  кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс – шараға ауылымыздың ардагер ұстаздары мен ауылымыздың қарт адамдары шақырылды. Ауыл әкімі Қалжанов Бауыржан құттықтауын жеткізді. Сахнада әсем ән мен бишілердің билерін тамашалады.  Соңынан қонақтарға мерекелік дастархан жайылып дәм берілді. Кеш соңынан аталарымыз ақ баталарын беріп ұйымдастырушыларға  ақ баталарын берді. Мақсаты: Қарттарға құрмет көрсету, ерен еңбектерін айту.