«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»
 
            
            01.10.2025
1 қазан күні Ш.Ералиев ауылының Мәдениет үйінде ауылдық кітапхананың ұйымдастыруымен Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға ауылдың ата-әжелері қатысып, ерекше көңіл күй кешті. Көркемөнерпаздар әннен шашу шашып, «Еркем – ай» би тобы мың бұралып би биледі, ал «Көңіл ашар» үйірмесінің күйшісі Жақсылық Бүркіт «Адай» күйін орындап шараның көркін қыздырды. Іс-шара соңында қариялар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                