«Қарттарын қадірлеген – ел ардақты»

01.10.2025
1 қазан Қарағаш ауылдық Мәдениет үйінде ауыл әкімшілігі, кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген – ел ардақты» атты мерекелік әдеби кеш өтті. Шараға ауылымыздыңқазынасы- ата-әжелеріміз шақырып, ауыл өнерпаздарының әні мен биін тамашалап көтеріңкі көңіл күй кешті. Кітапханада арнайы әңгіме сағаты өткізіліп, жаңа кітаптар топтамасымен таныстырылды. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Төкен ата мен Бақтияр ата өздеріне ұнаған кітаптарын үйге оқуға алды. Кеш соңында қарияларға арнап ақ дастарқан жайылып, ата-әжелер ән айтып, ақжарма тілектерін білдірді.