«Қасіретті жылдар жаңғырығы»

31.05.2024

       31 мамыр күні  Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ауылдық Мәдениет үйінде Ш.Ералиев ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен іс- шара өтті. «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысқан ауыл ақсақалдар мен аналар сол кездегі естеліктермен бөлісті. «Қазақстандағы саяси  қуғын-сүргін құрбандары» атты презентация  көрсетіліп, баяндама оқылды.  Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасыретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағұлмат беру,олардың есімін құрметтеуге,ұмытпауға тәрбиелеу,сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.