«Қасіретті жылдар жаңғырығы»
 
            
            31.05.2025
31 мамыр күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Азбаева көрмеге библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ кітапханашы А.Жөкенова «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты:Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған ұлт зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол тарихи оқиғаларға тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беруге үйрету.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                