«Қазақ әдебиетінің бәйтерегі»

15.05.2024

   15 мамыр қоғам қайраткері, ақын  ҚР Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы  Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай, Айнабұлақ ауылдық кітапханасында «Қазақ әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі әзірленіп, танымдық сағат жүргізілді. Ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Тұлпарға», «Жастар ұраны», «Домбыра» атты өлеңдері, «Құлагер» поэмасы мәнерлеп оқылды. Мақсаты: қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған көшбасшы, қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірбаяны мен шығармашылығын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқуға үйрету, ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату. Ақынның өлеңдерін оқи отырып, өз елін, тілін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.