«Қазақстанның құрметті кітапханашысы»

29.08.2023

29 тамыз күні Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханаға ұжыммен танысу сонымен қатар кітапханамыздың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Оралбаева Ақбөпе Қартайқызы мен Бұлқайырова Ботакөз Әбілқызына «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгілерді марапаттау мақсаттарында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы, Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының басшысы Нұрмағанбетов Ерлан Ермакұлы, Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы басшысының орынбасары Елеубекова Қайыргүл Тұяқбайқызы келді. Қызметкерлер жұмысқа қатысты сұрақтар қойып, жақсы көңіл-күйде өткен отырыс болды. Бақытжамал Қайырбекқызы біздің қызметкерлердің жұмыстарына сәттілік тілеп, өзімен бірге алып келген кітаптарды сыйға тартты.