"Қазақтың батыр ұлы"

21.04.2023

Ш.Ералиев ауылдық кітапхансында 21 сәуір күні қазақтың батыр ұлы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай  "Қазақтың батыр ұлы"  атты тарихи сағат өткізілді. Тарихи сағатта Қ.Қайсеновтың өмірбаяны, ерліктері мен шығармалары жайлы айтылды. Сонымен қатар «Қасым Қайсенов» атты бейне сюжет көрсетілді. Оқырмандар жазушының партизандық өмірі, балалардың барлау қызметі жайлы ақпарат алды. Іс-шараны кітапханашы Г.Ахметбекова жүргізді.   Мақсаты: Оқырмандарды  адамгершілік, адалдық, бауырмалдылық қасиеттерін дамыту.