«Қазақтың үні - домбыра»
01.07.2021
1 шілде Қазақстан Республикасында «Ұлттық домбыра» күні ретінде аталып өтілетіндіктен Түгіскен ауылдық кітапханасы оқырмандар үшін «Қазақтың үні - домбыра» тақырыбында кітап көрмесін 1 шілде күні ұсынды. Көрмеге қазақ ұлттық аспаптары, музыка өнері жайлы танымдық кітаптар мен авторлардың мақалалары қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Шараға домбыра тартатын оқырмандар қатыстырылды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                