«Кітап арқылы ашылған сырлы әлем»

29.03.2023

29 наурыз күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 2 сәуір «Халықаралық балалар кітабы» мерекесіне орай «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты әдеби аукцион өткізілді. Шарада кітапханашы М. Искакова көрмеге қойылған әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің сұлбасын жасырып, оқушылар кейіпкерлердің қай ертегіден екенін тапты. Жұмбақтар жасырылып, мақал – мәтелдерді жалғастырды. Мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру