«Кітап – асыл қазына»

30.03.2023

30 наурыз Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында «Кітап – асыл қазына» атты әдеби – лото өтті. Әдеби – лотоға 2 сынып оқушылары қатысты. Кітап туралы мақал – мәтелдер айтты, Абай Құнанбаев және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Оқырмандардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту, кітап оқуға тәрбиелеу.