«Кітап – білім бұлағы»

02.04.2024

   Түгіскен ауылдық кітапханасында 2 - сәуір күні  «Халықаралық балалар кітабы» күніне орай «Кітап – білім бұлағы» атты инттелектуалдық сайыс өткізілді. Инттелектуалдық сайысқа 8-10 жас аралығында оқушылар қатыстырылды. Инттелектуалдық  сайыс үш кезеңнен тұрды. 1-кезең «Білім көзі – кітапта», 2-кезең «Мақал-сөздің мәйегі», 3-кезең «Ойлан, тап». «Кітапсүйерлер», «Кітапқұмарлар» топтары «Білім көзі – кітапта» кезеңінде сұрақтарға ұшқыр жауап беріп, «Мақал-сөздің мәйегі» кезеңінде мақалдардың жалғасын айтып мақышына келтірді, «Ойлан, тап» кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының тарихи ескерткіштерін сурет бойынша тауып білімдерін паш етті. Дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары берілді. Ең ақылды оқушы кітапхана атынан алғыс хатпен марапатталды. Мақсаты:Оқырмандарды жан-жақты білімділікке, кітапқұмарлыққа баулу.