«Кітап – білім кілті»
 
            
            23.04.2025
23 сәуір Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – білім кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге ақын-жазушылардың түрлі жанрдағы шығармалары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Әдеби көрме арқылы қатысушылар рухани қазынамен жақын танысып, ұлттық әдебиетіміздің бай мұрасынан сыр шертетін кітаптармен сусындады. Мақсаты:Оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, кітапты сүюге, ғибратты сөздерден үлгі-өнеге алуға және кітапты құрметтеуге баулу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                