«Кітап деген бір әлем»

25.07.2025

25 шілде күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында «Кітап деген бір әлем» атты кішкентай оқырмандар арасында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Кішкентай оқырмандар кітапхана ішіндегі бөлімдермен танысып, жаңадан түскен кітаптарға шолу жасап, кітапханашының бір күндік жұмысымен танысты. Мақсаты: Білім кілтінің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі пайдасы мен маңызын түсіндіру, балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.