«Кітап қалай пайда болды?»

02.04.2024

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында  «2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы»  күніне орай  «Кітап қалай пайда болды?»   атты буктрейлер және  ойын сағаты ұйымдастырылды. Буктрейлерімізге Бидайық ЖББ мектебінің 5-сынып оқушылары белсене қатысты. Балалар ең алдымен қағаздың, кітаптың шығу тарихымен және кітапты қалай сақтау керегі туралы ережемен  танысты. Оқушылар кітап туралы жыр шумақтарын нақышына келтіріп оқып, Н.Қабдулла "Жүр досым кітапханаға" атты әнін орындады. Ой-өрісін кеңейтетін, тапқырлығын ұштайтын сөзжұмбақтар, мақал- мәтелдер, викториналық сұрақтар қойылды.

 Тақырыпты қорытындылау мақсатында "Мозаика", "Кітап құрастыру","Пазл" ойындары ойнатылды. Кітапханашы

Абишева  Айгүл сергіту сәті ретінде "Кітап" кейіпкерімен би ойынын өткізді.

Іс-шара барысында балалар ертегілер еліне саяхат жасап, басты кейіпкерлерді табуда да ыждағаттықпен ұтымды жауаптарын берді.

Іс-шарамызды балалар  "Тик ток" қосымшасының таңбалары арқылы бағалады. Бүгінгі шарамыз жоғары деңгейде өтті.

Мақсаты:  Кітап қалай пайда болғаны жөнінде мағлұмат беру. Кітап –әлемі арман биігіне самғатып ,білім –ғылым жолына жетелейтінғажап дүние екенін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.