«Кітап оқу - сән»
 
            
            25.06.2024
25 маусым С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашылары жазғы лагерьдің балаларымен саябақта «Кітап оқу - сән» атты буккроссинг өткізілді. Шара барысында кітапханашы М.Искакова балаларға буккроссинг деген не, аудармасы қалай және де ережесі туралы айтып кетті. Балалар өздерінің оқыған кітаптарымен алмасты. Мақсаты: оқырмандарға кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                