«Кітап оқудың пайдасы»

10.04.2024

Оқырмандарды кітап оқуға тарту  мақсатында  10 сәуір күні  М.Жұмажанов ауылдық  кітапханасында   «Сәкен  Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» ақпараттық– библиографиялық  бөлімінің қызметкерлерімен  бірлесе отырып  «Кітап оқудың пайдасы» атты жеке және топтық ақпарат беру іс-шарасы өткізілді. Шараға 7-8-9 сынып оқушылары қатысты. Оқырмандарға «Кітап  ғажайып әлем» атты кітап көрме ұсынылды. Кітапханашы  Иманбекова Арайлым кітап көрмені  насихаттап,  кітап  оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып өтті.  

Ақпараттық-библиография бөлімінің меңгерушісі Жұмасейітова Гүлзат Жұмабайқызы оқырмандарға кітаптың адам өміріне тигізер пайдасын,  адам ойы байып, сауатын жоғарлайтынын,білім нәрімен сусындататының , кітап оқудың пайдасы зор екенін айтып өтті Шара сонында оқырмандарға ой – өрісін сергіту мақсатында  ақпараттық – библиография бөлімінің қызметкерлері  Бақышева Салтанат пен  Берлібаева Арай  екі ойын  ойнатты . Оқырмандар «Сұңқар» және «Тапқырлар»  тобы болып екі топқа бөлініп, бірінші ойын  «Ребус» ойынында жасырылған мақал –мәтелді тапты. Ойын өте қызықты өтті. Екінші ойын  өлкетанушы, жазушы Асан Жұмадилдиннің «Байдалы би» ,       « Қайырлы сапар»  кітаптарынан пазл ойыны ойнатылды. Оқырмандарға ойын  өте тартысты, әсерлі болды.

Тарихшы – ғалым, жазушы Қойшығара Салғариннің туғанына 85 жыл толуына орай «Жер жаһанда арғы атаның ізі бар» атты ғұмырнамалық  көрсеткіш құралы жасалды.  Ғұмарнамалық көрсеткішке ақынның өмірдерегі, шығармашылығы, кітаптары, фото-суреттері салынды.