«Кітап оқы»

10.08.2023

       Жасөспірім кітапханасында 2023 жылдың  10 тамыз айы  аудан тұрғындарын кітап оқуға, кітапқа қызығушылығын арттыруға, кітапханамызға оқырман ретінде тарту мақсатында, «Баубек Отыншы саябағында, «Табиғатта оқу» атты әдеби орындық ұйымдастырылды. Әдеби орындық яғни «Кітап оқы» атты кітап көрмесі  саябаққа қойылып, оқырмандарға қазақ,орыс жазушыларының кітаптары, мерзімдік басылымдардан Емші,Ұлан, Денсаулық т.б журнал мен газеттер таныстырылды. Кітапханашылар аудан тұрғындарына кітапхана туралы мәлемет беріп,кітап оқуға шақырды. Саябақта демалушылар осындай іс шаралар жиі ұйымдастырылуға ұсыныс жасап,ризашылықтарын білдірді.