«Кітап және автор»

21.04.2023

21 сәуір Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап және автор»  атты викториналық сұрақтар қойылып,  оқушыларына кітап туралы ақпараттар берілді. Оқырмандар кітап туралы сөзжұмбақтар шешіп және мақал–мәтелдер айтылды. Мақсаты: Оқырмандарға кітап – сарқылмас рухани қазына екенін, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі – өнеге алуға,кітапты құрметтеуге,өз ойларын тез тұжырымдай білуге баулу.