«Қобыздың ғажап үні»

10.10.2023

10 қазан күні С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапханасының «Коворкинг» орталығында қазақтың әйгілі композиторы, күйші, қобызшы, өлкеміздің тумасы Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Қобыздың ғажап үні» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара мақсаты: Ықылас Дүкенұлы қобыз дәстүрінің негізін салушылардың бірі ретіндегі тұрғасын таныстыра отырып, музыкалық мұрасын насихаттау. Шара барысында кітапханашы Зәмзәгүл Құрақбайқызы қобызшының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беріп, өнер мектебінің ұстазы, қобызшы Бекхожина Ләззат Ықылас Дүкенұлының «Ерден» күйін орындап берді. Е.Шаханов атындағы ЖОББ тірек мектебінің 9 сынып оқуышлары қобыздың шығу тарихы, құрлымы, күй орындаудағы ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.