"Куғын - сүргін құрбандары"

31.05.2024

31 мамыр Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  "Куғын - сүргін құрбандары" атты  еске алу кеші мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кешімізге Бидайық ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі  А. Жакупова және 8 - сынып оқушылары белсене қатысты. Іс- шара барысында А. Жакупова оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы ақпараттарды  әңгімелеп насихаттады. Кітапханашы  Абишева А. "Қуғын-сүргін құрбандары" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады, кітаптарды оқуға шақырды.   Мақсаты:  Репрессияға ұшыраған боздақтар туралы толық мағлұмат беру.