«Күмбірле, қос ішекті домбыра!»

01.07.2025

1 шілде күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, қос ішекті домбыра!» тақырыбында сұхбат өткізілді. Мақсаты: Қазақтың ұлттық құндылығы — домбыраның тарихын, атақты күйшілерді оқырмандарға таныстыру, ұлттық өнерді дәріптеуге шақыру. Сұхбатқа Түгіскен ауылдық мәдениет үйінің «Серпер» үйірмесінің жетекшісі Ақжүніс Сағатбекқызы қатысты. Ол оқырмандарға домбыраның құрылысы туралы мағлұмат беріп, күй тартып берді.