«Құстар –біздің досымыз»
 
            
            27.09.2023
27 қыркүйек Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында «Құстар –біздің досымыз» тақырыбында құстар туралы ертегі кітаптардан кітап сөресі ұйымдастырылды. Кітапханамыздың кішкентай оқырмандары арасында сұрақ-жауап ойыны өткізілді.Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер құстарға жасаған өз қамқорлықтары туралы қызықты оқиғаларымен бөлісті.
Мақсаты: Құстардың табиғат пен адам өміріндегі алатын орны мен пайдасы туралы түсінік беру.Құстар туралы мақал-мәтел айту,сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.Құстарды қорғауға,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                