«Қыз бала – халықтың шырайы»
 
            
            12.03.2025
12 наурыз күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында қызығушылық клубы аясында «Қыз бала – халықтың шырайы» атты қыздарға арналған кеңес өткізілді. Шара барысында аналар қыздарға тәлім-тәрбие беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Мақсаты: Қазақ қыздарының бойындағы әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік сынды ұлттық қасиеттерді дәріптеу және таныта білуге баулу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                