«Қыз қуу»
 
            
            01.06.2023
Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасы 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай Мәдениет үйінің жанынан ашылған балалар алаңында үлкен іс-шара болып өтті. Іс-шарамызға ауыл балаларының барлығы бірдей қатысып, ат салысты. Іс-шарамыздың шымылдығын ауыл әкімшілігінің бас маманы Аубакиров Тоқтар ашып, балаларға жылы лебізін білдірді. Кітапхана қызметкерлері балалармен ұлттық ойындар «Қыз қуу», «Арқан тарту» , «Қол күрес» ұйымдастырылды. Ойынның соңында балаларға тәттілер таратылды. Ауылымыздың қарт әжесі Раушан әжеміз балаларға ақ тілегін айтып, батасын берді. Іс шарамыздың соңы мерекелік концертке ұласты.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                