Алсай Төлеухан Ілиясұлы кітапханаға арнайы келіп бірнеше кітаптарын сыйға тартты

14.07.2021

 2021 жылдың 14 шілдесінде Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөліміне Жаңаарқа ауданының тумасы жерлес ақын, жазушы Алсай Төлеухан Ілиясұлы кітапханаға арнайы келіп бірнеше  кітаптарын сыйға тартты. Автор (өнер, ғылым және әдебиет туындыларын пайдалану құқығын беру туралы) авторлық келісім шартқа қол қойды. Жазушы Төлеухан Ілиясұлына зор денсаулық, отбасына бақыт,құт дарып,немерелер-шөберелер қызығын көріп,қаламыңыз ұштала берсін деп тілек айтамыз.