«Мағжан жыры-мәңгілік»

19.06.2023

      Мағжан – өлең, Мағжан – ғұмыр. Тұтас өмірін ұлт жолына, ұлт әдебиетіне арнаған рухты ақынның әр жыры маздақ жалынға, қанжардай өткірлікке толы. Биыл ақынның туғанына 130 жыл толып отыр.  2023  жылдың  19 маусым күні  Жасөспірімдер кітапханасында «Мағжан жыры-мәңгілік»  атты айдарымен  әдеби кеш жас оқырмандармен өткізілді. Іс шара барысында Мағжан өмірінен бейнебаян көрсетіліп,жас оқырмандар  ақын шығармаларынан өлең оқып,өз ойларымен бөлісе отырып, «Мағжан жыры- мәңгілік» атты кітап көрмесі таныстырылды. Ғасыр сайын туылған әрбір қазақ баласы ақын жырымен қайраттанар, қара көзге жас алар, қасиетті жерінің ұлылығына бас иер. Осылайша ақын рухы биіктей түсіп, болашақ үнімен біте қайнасары сөзсіз