«Марал аға – елдің ардағы» жазушы Марал Хасеннің жұбайы Рымбала Смайловамен кездесу кеші
 
            
            28.05.2021
28 мамыр күні жазушы, аудармашы, публицист—журналист Жаңаарқа ауданының тумасы Марал Хасеннің жұбайы Рымбала Смайловамен кездесу кеші өтті. Жазушының 7 томдық кітабының тұсауы кесіліп кітапханамыздың ақпараттық-библиографиялық бөліміне сыйға тартты. Кештің мақсаты: Оқырмандарды жазушының көркем шығармалары арқылы, тілге деген сезімдерін ояту, рухани мол азық алып еліне жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
"Нұр Отан" ХДП демеушілігімен және де Кітапхана директоры Ш.Т.Ускенбаева мен Ақпараттық-библиографиялық бөлім ұйымдастыруымен Рымбала апайға құрметпен иығына шапан,құшағына гүл сыйланып, қонақтарға М.Хасеннің кітабы таратылды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                