«Мәдени мұра – халық игілігі»
 
            
            31.01.2024
31 қаңтар С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Мәдени мұра – халық игілігі» атты әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Г.Акатова кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: елдің тарихи – мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи – мәдени дәстүрлерін қайтару.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                