«Мейірімді бала»
 
            
            27.10.2021
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 27 қазан күні алғашқы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, «Мейірімді бала» әңгімесіне талдау өтті. Шараға 3-5 сынып оқушылары қатысып, әңгімедегі кейіпкерлерді рөлдерге бөлініп ойналды. «Ыбырай оқулары» бойынша 3 сынып оқушылары Н.Жәлел «Өзен», Ж. Бақытқали «Кел, балалар оқылық», Д.Тахирова «Ананың сүюі», Н.Риза «Бұл кім?» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Мақсаты: ұлы ағартушының әңгімесі арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                