" Мейірімділік - асыл қасиет "

15.09.2023

Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 15 қыркүйек күні адамгершілік, рухани  имандылық  тәрбие беру бағытындағы " Мейірімділік  - асыл  қасиет " атты тәрбие сағаты және жағдаят сұрақтар  ұйымдастырылды. Іс шараға Бидайық ЖББМ  2 - сынып оқушылары белсене қатысты. Жағдаят сұрақтар қойылып «Әжеге мейірім» көрінісі қойылды. Кітап көрме таныстырылды. Мақсаты: Жақсы –жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игере білуге ықпал ету.