«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
 
            
            03.09.2024
3 қыркүйек С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты мақал – мәтел сайысы өткізілді. Шарада оқушылар «Болашақ» пен «Қазына» атты екі топқа бөлініп, мақалдың жалғасын тауып, шараға белсене қатысты. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                