«Мен бір жұмбақ адаммын...»

08.08.2025

8 тамыз күні М.Жұмажанов ауылдық мәдениет үйінде 10 тамыз-Абай күніне орай «Мен бір жұмбақ адаммын...» атты әдеби сазды кеш өткізілді. М.Жұмажанов ауылдық кітапханасы тарапынан Абай Құнанбаевтың 180 жыл толуына арналған «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеш барысында  мәдениет қызметкерлері Абай атамыздың әндерін шырқады. Кітапханашы Иманбекова Арайлым Болатқызы ақынның 16-шы  қара сөзін оқыса, кітапхана оқырманы Амангелді Сенім «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңін жатқа орындады.  Мақсаты: Оқырмандарды  кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру.