«Мен қазақпын»

11.09.2025
11 қыркүйек күні Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай шығармашылығына арналған «Мен қазақпын» тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Шара барысында оқырмандар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмір жолы мен шығармашылығы жайында мағлұмат алды. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу.