«Мен жастарға сенемін»

30.03.2023

Ш.Ералиев ауылдық кітапхансында 30 наурыз күні Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай  «Мен жастарға сенемін» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Ахметбекова библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы танымдық сағаты өтті. Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметі жайлы мағлұмат беру.