«Мен және менің кітап әлемім»
 
            
            01.04.2022
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 1 сәуір күні – 2 сәуір халықаралық балалар кітабы күні «Мен және менің кітап әлемім», «Біз оқыдық, сіздерде оқыңыздар» атты тақырыптарға буккросинг өткізілді. 2-cынып оқушысы Темірхан Айару 3Д форматтағы «Қызыл қоңыз» балалар кітабін оқып шықты. 8-сынып оқушысы Мейрам Дархан «Саяхатшы Жолбарыс» кітабін оқып берді. Кітапханашы Әбдікәрім Әсем балаларға бауырсақ ертегісін айтты. Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                