«Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз»
 
            
            12.04.2024
12 сәуір күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында Кеңестік геолог, геология - минералогия ғылымдарының докторы, профессор Сәтбаев Қаныш Имантайұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Мәңгі сөнбес жарық жұлдыз» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға Бидайық ЖББ мектебінің 3-сынып оқушылары және тұрақты оқырмандар қатысты. Танымдық сағат барысында Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны, ғалым туралы қызықты деректер ұсынылды. Сондай -ақ іс - шара соңында кітапханашы А.Самаева кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: Ғылым туралы білімдерін одан әрі кеңейту. Өмірі мен еңбектерін насихаттау

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                