«Мәңгілік өшпейтұғын саз қалдырған»
18.05.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасы әлеуметтік желідегі инстаграм @tugisken_kitaphana парақшасына 18 мамыр күні Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Мәңгілік өшпейтұғын саз қалдырған» атты викториналық сұрақтарды пост ретінде жариялады. Әлеуметтік желідегі оқырмандар белсенділік танытып, қойылған барлық 9 сұраққа жазба ретінде дұрыс жауаптарын қалдырды. Оқырмандарды белсенділікке, тапқырлыққа баулу мақсатында компазитор Ахмет Жұбановтың өмір жолы, орасан мол еңбектерімен таныстырып өтті.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                