«Менің сүйікті кітабым»

23.04.2024

23 сәуір күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай  «Менің сүйікті кітабым» атты бугдатинг өткізілді. Шарада әртүрлі қызықты кітаптар мен газет журналдардан кітап инсталяциясы ұйымдастырылып, кітапханашы  М.Искакова шолу жасап кетті. Балалар  өздерінің оқыған кітаптары туралы пікірлерін стикерге жазып, плакатқа жабыстырды. Мақсаты: оқу белсенділігін арттыру, кітап оқуды қолдау, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын және оқу мәдениетін қалыптастыру.