«Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»
 
            
            09.02.2024
9 – ақпан күні қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында кітап көрмесі жасақталып, «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары» атты мәнелеп оқу ұйымдастырылды. Осыған орай 5 – сынып оқушысы Кенжебай Дамир ақынның «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін жатқа айтты. Мақсаты: Жасөспірімдер мен оқырмандарға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жырларын насихаттау.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                