«Оқуға құштар мектеп»

30.05.2023

30- мамыр күні Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Ерғанат Дүйсенбайұлы және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімімен бірлесе «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында құрылған «Ұлағат» оқырмандар клубының жыл қорытындысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани -адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Кешімізді Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің директоры Салтанат Аманжанқызы, С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың директоры  міндетін атқарушы Жақыпова Гүлмайра Ағылақызы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Зәмзәгүл Сағатқызы құттықтау сөздерімен бастады. Кеште оқушылар дайындаған буктрейлер көрсетіліп, өздерінің оқыған көркем әдебиеттер туралы ойларымен бөлісті. Әсем әндер шырқалып, оқырмандар арнайы дайындалған зияткерлік ойындарға белсене қатысты. Кеш соңында оқушыларға бірінші орын 30000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.