«Өлең өлкесінің қыраны»
04.02.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасында ақпан айының 4 күні Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өлең өлкесінің қыраны» тақырыбында әдеби-поэзиялық сағаты өткізілді. Мақсаты: Ақын өлеңдерін насихаттау арқылы оқырман жүрегіне поэзияға деген қызығушылықты ұялату. Міндеті: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Қысқаша мазмұны: Кітапхана жанынан құралған «Сөз патшасы» әдеби-поэзиялық қызығушылық клубының мүшелері Қожагелдиев Ерасыл, Жұмажан Гүлімай, Жексенбай Асылай, Көшмағанбет Інжу, Әубәкіров Ділшат, Мейрамбекқызы Айкүнім Мұғали Мақатаевтың сыршыл өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                