«Өлеңмен өткен өрлерім»

06.12.2023

С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында ақын, драматург Қ. Бекқожиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Өлеңмен өткен өрлерім» атты кітап көрмесі мен тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында кітапханашы М. Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып кетті. Мақсаты: Қ.Бекқожиннің өмірі мен шығармашылығы жайында оқушыларға ақпарат беру, өнерді сүюге, адамгершілік қасиетін биік ұстауға үйрету.