«Өмір деген – күнді айналу»

17.07.2025
17 шілде күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Серік Ақсұңқарұлының 75 жасқа толуына орай «Өмір деген – күнді айналу» атты кітабына кітапханашы Асанбаева Ақтоқты шолу жасады. Бұл кітапқа талантты ақын С. Ақсұңқарұлының өлеңдері, аудармалары және «Антипоэзия» атты эссесі енгізілген. Аталған шара ақынның шығармашылығын дәріптеуге, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты. Іс-шараға зейнеткер, тұрақты оқырман А. Тырқыманова және мәдениет қызметкері А. Мейрамова қатысты.Мақсаты: Серік Ақсұңқарұлының поэзиясы мен өлеңдері арқылы оқырмандарда ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерін ояту, ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау.