«Өресі биік ер тұлға»

23.05.2024

       Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 23 мамыр Кеңес Одағының батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай   «Өресі биік ер тұлға»  атты ақпараттық сағаты өтті. Осыған орай кітапханамызда өткізілген іс – шарамызға әкімшілік қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып. Батырдың өмір жолынан естеліктерге шолу жасалды. Отан үшін от кешкен батырдың жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады. Мақсаты: Қызметкерлерге батырдың  өмірбаяны мен елге жасаған ерліктерін насихаттап,  жүрегімізде мәңгі сақтау.