«Отбасы – бақыт аясы»
 
            
            15.09.2025
15 қыркүйек күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасының Отбасы күніне орай Мәдениет үйімен бірлесе отырып «Отбасы – бақыт аясы» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараға ата – аналар мен балалар қатысып, сүйікті кітаптарын оқыды.Сонымен қатар «Мақал – мәтел жалғасын тап» ойынын ойнап, оқыған кітаптары жайлы әсерлерімен бөлісті және отбасылық оқу дәстүрлері туралы ойларын ортаға салды. Мақсаты: Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата – анасын, туыстары мен жақындарын бағалауға тәрбиелеу.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                