«Парақорлық – үлкен қорлық»

11.07.2025
11 шілде күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасыда «Парақорлық – үлкен қорлық» атты адалдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әкімшілік қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Мақсаты: Қоғамда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, халықтың құқықтарын қорғау. Бұл – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.