«Рәміздер - тәуелсіздік белгісі»

04.06.2024

Түгіскен ауылдық кітапханасында маусым айының 4 - күні сағат 11.00 де 4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Рәміздер - тәуелсіздік белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Мәңгілік ел-Қазақстан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы, Е.Шаймерденовтың Қазақ елінің рәміздері, «Елтаным» және мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы мағлұматтармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылып, таныстырылды. Қазақстан Әнұраны айтылды.