«Рух мейманасы»
 
            
            03.11.2022
3 қараша күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында ақын, драматург, композитор, аудармашы Исраил Сапарбайдың 81 жылдығына орай «Рух мейманасы» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шараға 8 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, ақынға арналған презентациямен кітапханашы Ахметбекова Гүлімай таныстырып, ақынның өмірбаяны мен қызмет жолдары және шығармаларымен таныстырды. Мақсаты: ақын Исраил Сапарбайдың шығармашылығы дәріптеп, ақынның сөзіне жазылған әндерді таныстыра отырып, бойына асыл қасиеттерді сіңіру, кітапқа деген қызығушылығын ояту.

 
     
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
                        
                         
     
     
     
     
     
     
             
             
             
             
             
             
     
     
     
     
     
     
     
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                